Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сәт сапар саған, жас түлек!

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 25.05.2018 5215 0 пікір
Сәт сапар саған, жас түлек!

Мамыр айының 24-і, яғни бейсенбі күні, Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешітінде мектеп бітіруші жас түлектермен кездесу өтті. Кездесу барысында Талдықорған өңірінің өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы жас түлектерге өмірдің мәні мен мақсаты жайында әсерлі уағыз айтып, еліміздің болашағы білімді жастар екенін баян етті. Сонымен қатар, келе жатқан сынақтарға дұрыс көз қараспен қарауды алға тартты.

Аталмыш кездесу қонағы – Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы қатысты. Нұрбақыт мырза өзінің спорт өмірінен қысқаша ғибратты оқығаларын баян етіп, жастарды тек алға ұмтылуға шақырды.

Шара соңында құран оқылып, Ардақ Нүсіпханұлы Жетісу жерінің барша жас түлектеріне дұға жасап, ақ батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру