Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр өңірі мешіттері ізгілік жолында жарысуда  (ФОТО)

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 25.05.2018 3324 0 пікір
Сыр өңірі мешіттері ізгілік жолында жарысуда  (ФОТО)

Рамазан – мейірім һәм ізгілік айы. Сыр өңірінің мешіттері сауабы мол мүбәрак айда түрлі шаралар мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып,  игі іс жасау жолында жарысуда.

Облыс көлеміндегі барша мешіттерде тұрақты түрде ауызашар дастарханы жайылып, күнделікті тарауық намазын оқуға келетін жамағат пен қала тұрғындарына «тегін таксилер мен автобустар» ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, қала және аудан мешіттерінде қайырымдылық акциялары аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік үлестірілуде.

Мешіт шәкірттері арасында құран хатым оқылып, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің  бастамасымен  өткізілетін ауқымды байқауларға,  дәлірек айтқанда, «Менің алғашқы оразам», «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу», «Имам Науаидің хадистерін жинағын жатқа айту» секілді облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ жамағатының білім деңгейін көтеру мақсатында үздіксіз сабақтар жүргізіліп, түрлі тақырыптарда уағыздар айтылуда,  сонымен қатар, Республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздар шақыртылып, кездесулер өткізілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру