Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМА ӨКІЛІ УАҒЫЗ ЖҮРГІЗДІ

Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі 25.05.2018 3224 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМА ӨКІЛІ УАҒЫЗ ЖҮРГІЗДІ

Мамыр айының 22-күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының xалықаралық қатынастар бөлімінің басшысы, Пәтуа бөлімінің xатшысы Ершат Оңғаров Атырау облысына ресми іс-сапармен келді.

Атырау өңірінің өкіл имамы, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Діни басқармадан арнайы келген қонақты мұнайлы өлкенің жамағатына таныстырып өтті. Исламтанушы Ершат Ағыбайұлы әуелі тарауих намазына жиналған жамағатты берекелі де мерекелі Рамазан айымен құттықтап өтті. Мұнан кейін "Исламдағы ізгілік, қоғамдағы тұрақтылық" жайында уағыз-насихат жүргізді. Уағыз барысында діни басқарма өкілі тыныштықтың арқасында осындай ізгілік істер мен сауапты да құлышылық амалдар жалғасып жатқанын жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру