Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Жергілікті журналистер ауыз ашар қонағы болды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 24.05.2018 3443 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Жергілікті журналистер ауыз ашар қонағы болды

Қасиетті ай қарсаңында Өкіл имам Смайыл Сейтбековтың бастамасымен жергілікті БАҚ өкілдері мешіттің ауыз ашар дастарханында бас қосты. Маңғыстау телеарнасы, Облыстық ІІД министрлігінің баспасөз қызметі, «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі тағыда басқа бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арнайы шақыртылып оларға құрмет көрсетілді.

Бас имам:

«Рамазан – адамның жақсы жаққа өзгеруіне ең қолайлы уақыт, жаңа, нәтижелі дағдыларға үйреніп, жағымсыз әдеттерден арылатын, алдағы уақыттарға дұрыс бағыт алу мүмкіндігі туатын тамаша уақыт» - деді.

Қонақтар қашанда игі шаралардың басында жүретін мешіт имамдарына алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру