Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе мешіттері «Тегін нан тарату» акциясын ұйымдастырды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 23.05.2018 4169 0 пікір
Ақтөбе мешіттері «Тегін нан тарату» акциясын ұйымдастырды

Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес қасиетті Рамазан айының құрметіне Ақтөбе мешіттері тегін нан тарату акциясын ұйымдастырды.

Бастамаға барлық қала мешіттері сондай-ақ, аудан, ауыл мешіттері үлес қосуда. Мешіттердің атынан әр дүкенде күніне 20-30 нан тегін таратылуда. Жалпы акция барлығы 20 дүкендер мен мешіттерде жүзеге асуда. Игі іс Рамазан айы бойы жалғасатын болады.

Соның ішінде, бастамаға жергілікті кәсіпкерлер де ат салысуда.  Мәселен, Хромтау ауданындағы «Сәнді» дүкенінің иесі жұма сайын 100 нанды тұрғындарға тегін үлестіреді. Сонымен қатар Дөң ауылының кәсіпкер азаматы да халық үшін қайырымды іс қылуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру