Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мейірімі мол қайырымдылық

ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі 23.05.2018 3422 0 пікір
Мейірімі мол қайырымдылық

ҚМДБ ОҚО өкілдігі, «Зекет» корпоративті қорының ұйымдастыруыменен ОҚО орталық мешітінде қасиетті рамазан айында мейірімі мол қайырымдылық шара өткізілді. Шара барысында мүгедектерге, жалғыз басты аналар мен жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық ретінде әр адам басына 1 қап ұн және ұсақ-түйек азық-түліктер үлестірілді. Жалпы саны  жағдайы төмен 40 отбасыға көмек көрсетілді. Бұл игі шара ары қарай да жалғасын табады.  ОҚО «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаев исламның бес парызының бірі болған зекеттің орны мен маңыздылығы жайында айта келе, Оңтүстік Қазақстан облысы орталық мешіті, мүмкіндіктердің барынша осындай шараларды жиі өткізіп, қолдауды қажет ететін отбасыларға қол үшін беруге дайын екендігін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру