Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен Семей қаласының орталық Қос мұнаралы мешітінде «Рамазан – мүмкіндігі мол ай» атты акциясы өтті. Сауат ашу курсының шәкірттері мен ұстаздар мешіт ауласында келуші жамағатқа өз қолдарымен жасалған кәдесый мен құрма үлестіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Акция мақсаты - халыққа Рамазан айын кеңінен танытып, насихаттау. Күн соңында игі шара Тыныбай қажы мешітінде жалғасты. Семей өңірі бойынша «Әйел-қыздар секторы» әжелер мен келген қонақтарды Рамазан айымен құттықтап, ауыз ашар берілді. Қонаққа мұқтаж отбасылар шақырылып, азық-түлік таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
23.05.2018
2791
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру