Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Үш сатылы діни сауат ашу курс бағдарламасының тиімділігі» атты оқу семинары болып өтті.
Семинарға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы Әлимұхамедұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің оңалту орталығы басшысының орынбасары Құлтаев Сержан Пәрімұлы және облыс бойынша діни сауат ашу және Құран сүрелерін жаттау курстары бар мешіттердің ұстаздары мен имамдары қатысты.
Кездесудегі мақсат «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын» негізге ала отырып, ұйымдастырылған үш сатылы діни сауат ашу курстарын тиімді жүзеге асыру.
Семинарда «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Ақмамбетов Асхат «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» тақырыбында, «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Үсенова Зейнеп «Үш сатылы діни сауат ашу курстарының тиімділігі» тақырыбында, «Қордай» аудандық мешітінің наиб имамы «Діни сауат ашу курсынан тәжірибе» тақырыбында, үш сатылы курсты бітіруші Мусаева Тасбике «Діни сауат ашу курсынан түйін» тақырыбында баяндамалар оқыды.
Семинарға қатысушылар кездесу соңында сұрақ-жауап алмасты.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі
23.05.2018
3286
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру