ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілдігі биылғы Рамазан айын тағылымды өткізу мақсатында «Рамазан: отыз айшықты оқиға» бағдарламасын жасап, оның аясында әр күні бір есте қалар шара өткізуге бастама көтерген еді. Оразаның бесінші күні облыс имамы Қуаныш Сәбит бастаған ақмолалық имамдар және жергілікті «Зекет» қорының өкілдері күретамыр жол бойларына шығып, «Жолдағы ауызашар» шарасын ұйымдастырды. Алдымен Астана — Бурабай автобанында шетелдік іргелі жүк көліктерін тоқтатып, оларды Рамазан айымен құттықтап, құрма, су, бал, тәтті тоқаштар салынған ауызашар асын таратты. Ұзын жолдың бойымен ағылған көлік жүргізушілері арасында Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдердің азаматтары көптеп кездесті. Олардың қатарында ислам дінін ұстанбайтын ұлт өкілдері де аз болмады.








Бұл шараға облыс аумағындағы барлық аудан-қала мешіттері өз үлестерін қосты. Сөйтіп, бір күнде бірнеше жүз адамға жол үстінде ауызашар асы таратылды.
Осы күні ұзын жол бойындағы Бурабай аудандық мешіті де жолдағы ауызашарға атсалысып, өз қайырымдылықтарын көрсетті.
Біз осы оқиғаға қанығып, асыл дініміздің мерейін өсіріп, ізгіліктің алтын арқауы екенін өз істерімен көрсете білген барша дін қызметкерлеріне Алла разы болсын дегіміз келеді. Ислам күнтізбесіндегі қасиетті айды осылай өзіндік тағылыммен өткізіп, алыс сапарларға шығатын жүргізушілерге де назар аударып, ауызашар дәмін ұсынған имамдарға қалай риза болмассың.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nasihat.kz
22.05.2018
4167
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру