Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

06 Мамыр 2026

19 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ДАРХАН КӘЛЕТАЕВ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

kazislam.kz 22.05.2018 3615 0 пікір
ДАРХАН КӘЛЕТАЕВ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Біріккен Араб Әмірліктерінің федералдық ұлттық кеңесінің депутаты, Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңес төрағасы Ахмед Мұхаммед  Әл-Джаруанмен кездесті.

Кездесу барысында Дархан Кәлетаев Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын, сондай-ақ, екі ел арасында көпжақты алаңдарда, соның ішінде  БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК ұйымдары арқылы тиімді өзара  іс-қимыл орнағанын  атап өтті.

Министр шетелдік мейманды конфессияаралық келісім бойынша қолға алынып жатқан Қазақстанның маңызды бастамаларымен таныстырды, аталған шаралардың бірі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу болып табылады. Д. Кәлетаев БАӘ өкілдерінің 2018 жылғы 10-11 қазанда жоспарланған «Дін көшбасшылары қауіпсіз әлем үшін» тақырыбындағы кезекті VI Съезіне қатысатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында тараптар дін және азаматтық қоғам саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру