Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті Өскемен қаласында қасиетті Рамазан айында қайырымдылық концертін өткізді. Қайырымдылыққа бағытталған бұл шараға Өскемен қаласындағы өнер жұлдыздары түгелдей қатысып, әсем ән, күмбірлі күй төгіп, көрермен қауымды бір серпілтіп тастады.
Концерттің соңында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы сөз сөйлеп:
Билет сатудан түскен 250 мың теңге көлеміндегі қаражатты өкіл имам сахнада көмекке емделуге қаражаты жетпей отырған екі балаға және отбасында қиыншылығы бар жанға табыс етті.
Концертке жиналған көрермендер және көмекке ие болғандар осындай игі шара ұйымдастырып, мұқтаждарға қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да көмек жасаған ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігіне ақжарма алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
22.05.2018
3261
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру