Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бастамасы аясында қоғамдық сананы жаңғырту жолында ұстаздар қауымының рөлін арттыруды мақсатында ұстаздар арасында Қазақстан Республикасы Педагогикалық Ғылымдар Академиясының VI «Үздік ұстаз» Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқау жарияланған болатын.
Аталмыш байқауға «Шымкент медресе» колледжінің оқытушылары қатысып, нәтижесінде өз кәсіби біліктілігімен «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазы атанды. Байқау шарттары бойынша мол тәжірибесі, кәсіби біліктілігі, педагогикалық шеберлігі және ғылыми ізденістері аналитикалық жүйе бойынша сарапталды.
Жарыс қорытындысы бойынша ОҚО бойынша алты педагог, оның үшеуі «Шымкент медресе» колледжінің оқытушылары екені зор мақтаныш туғызады.
Атап айтқанда; «Шымкент медресе» колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Сырманов, арнайы пәндер бірлестігі меңгерушісі Д.Жомарт және колледждің арнайы психолог маманы М.Кайимов секілді оқытушыларымыз «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазы атанып отыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
22.05.2018
3461
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру