Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти кеңесшісі ЖАНТ семинарына қатысты

ОҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 22.05.2018 3266 0 пікір
Бас мүфти кеңесшісі ЖАНТ  семинарына қатысты

Жуырда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің тапсырмасы аясында Шымкент қаласына кереғар ағымардың алдын-алу шаралары бойынша Бас мүфти кеңесшісі Дәулет Әлиханов арнайы іс-сапармен келді.

Іс-сапар барысында Шымкент қаласына қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында болып, бірқатар мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.  

Сондай-ақ, Дәулет Әлихановтың бастамасымен  ЖАНТ мүшелерінің қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында Д.Әлиханов бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде, өңірдегі түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен кездесу жұмыстарының сапасын арттыру, мешіт имамдарының жедел біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, кереғар ағым мүшелерімен жұмысты күшейту, буклеттер мен парақшалар шығару,  мешіттің ішкі және сыртқы тәртібі, тазылығы т.б. мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Мұнымен қатар, семинар барысында облыс имам орынбасары әрі ЖАНТ жұмыстарына жауапты Дастан Желеуовтың үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жалпы, 1-ші тоқсанның көрсеткіш бойынша оқу орындарында - 215, түрлі мекемелерде - 122,  тұрғындар мен мешіт жамағаттарына - 169 рет кездесу ұйымдастырылып, жалпы 506 кездесу өтіп, оған 100 214  адам қамтылған.

Мұнымен қатар, топ мүшелерінің жұмыстарының нәтижесінде жыл басынан бері теріс бағытта жүрген 20 азамат дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабына оралды.

Жалпы, семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, топ мүшелері өздеріне қажетті тапсырмаларды алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру