Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Маңғыстау» арнасының ұжымы қонақта

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 22.05.2018 3434 0 пікір
«Маңғыстау» арнасының ұжымы қонақта

Маңғыстау облыстық орталық мешіті Бас мүфти тапсырмасына сәйкес биылғы жылы да қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу үшін арнайы жоспар әзірлеп, тиісті шараларды атқаруда. Қасиетті Рамазан айындағы ең сауапты амалдың бірі – аузы берік жанға ауыз аштыру. Осы орайда Маңғыстау облыстық орталық мешіті түрлі сала мамандары, зиялы қауым, ақын жазушылар мен мекеме қызметкерлеріне ауызашар беруді бастап кетті. Орталық мешіттің кезекті ауыз ашар қонағында жергілікті «Маңғыстау» телеарнасының ұжымы болды. Өкіл имам Смайыл Сейтбеков Маңғыстау арнасына арнайы барып, қонаққа шақырды. Мекеме ұжымы шақыруды қабыл алып, сауабы мол айда аузы берік қызметкерлердің баршасы қонаққа келді.

Дастархан басында өкіл имам С.Сейтбеков келген қонақтарға қасиеті айдың артықшылығы жайында уағыз айтып, шақыруды қабыл алып келгендері үшін алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру