Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауызашар тұрақты түрде берілуде

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 21.05.2018 2922 0 пікір
Ауызашар тұрақты түрде берілуде

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасымен Семей аймағы бойынша мешіттерде ауызашар ұйымдастырылуда.

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының ұйытқы болуымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен және жамағатымыздың демеуімен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап Қос мұнаралы орталық мешіті жанындағы хатымханада тұрақты түрде 200-ге жуық жамағатқа ал, қалалық мешіттерде 100-ден астам жамағатқа ауызашар берілуде.
Келген жамағаттарды орталық мешіттің кезекші наиб имамдары жылы шыраймен қарсы алып, имандылық, ізгілік, мейірім тақырыбында уағыздар айтылуда.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру