Ресейдегі Башқұртcтан Республикасына барып қайтқан қазақстандық делегация дін саласында екі жақты келісімшарт жасады. Яғни Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім, Әбу Ханифа атындағы ғылыми зерттеу орталығының қызметкері, PhD Мұхан Исахан мырзаларды БР Бас мүфтиі Талғат Таджуддинов қабылдады. Екі жақ: Нұр-Мүбарак ЕИМУ және Уфадағы Ресей ислам институты арасында енді заңды келісім бойынша оқу орындары тәжірибе алмасып, башқұрттық оқытушылар Нұр-Мүбарак университетінде тағылымдамадан өтпек.
Екі жақ та бұл қадам дәстүрлі ислам жолын нығайтуға, екі ел арасындағы рухани байланысты күшейтуге жол ашады деген сенімде. Башқұртстан Орталық діни басқармасының төрағасы Талғат Таджуддин:
Ал Нұр-Мүбарак ЕИМУ проректоры, профессор Шамшәдин Керім:
Сапар барысында Қазақстандық делегация Уфа мешіттеріне барып, жамағаттармен кездесіп, тарихи жерлерді аралап, башқұрт ағайындардың тыныс-тіршілігімен де танысып өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
21.05.2018
3453
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру