Қасиетті Рамазан айында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының халықаралық қатынас және хаттама бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесінің хатшысы, исламтанушы, теолог PhD докторы Ершат Оңғаров Ақжайық өңіріне арнайы іс-сапармен келді.
«Орал» орталық мешітінде өткен кездесу барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы жүктеп отырған негізгі міндеттер, жамағатпен жұмыс, алдағы мақсаттар туралы сөз болды.Сапар аясында мүфтият өкілі Ершат Ағыбайұлы қала және ауданда қызмет атқарып жүрген мешіт имамдарымен кездесті. Ершат Ағыбайұлы ұлық аймен құттықтап, дінбасымыз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізді.
Мүфтият өкіліне қайырлы сапар тілеген ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов асыл дінімізді насихаттауда мешіттердің атқарып жатқан ауқымды істерін кеңінен жеткізді. Келген қонаққа имам-молдадалар сауалдарын жолдап, мағыналы жауаптар алды.
Одан кейін «Орал» орталық мешітінің жамағаттарымен жүздесті. Көпшілік алдында облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы Астана қаласынан арнайы келген қонақты таныстырды. Ершат Ағыбайұлы қасиетті Рамазан айымен құттықтап «Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар» атты тақырыбында уағыз айтып, жамағатпен тарауих намазын оқып, ел тыныштығы үшін дұға жасады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша баспасөз хатшысы
21.05.2018
3267
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру