Наиб мүфти «Нұр Астана» орталық мешітінде тарауық намазына қатысты.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев «Нұр Астана» орталық мешітінде жамағатпен бірге Рамазан шатырында ауыз ашып, дастархан басына жиналған дүйім жұртқа Рамазан айының қадір-қасиеті мен өзге айлардан ерекшелігі жайында баяндап берді.
Тарауық намазына қатысқан наиб мүфти «Дұғаның артықшылығы» тақырыбында танымдық насихат айтты.
Аллаға сенген, Алланың тағдырына сенген, Алланың күшіне сенген, Алланың құдіретіне сенген мұсылман адам әрбір істе Алла Тағаладан сұрау керек екенін тілге тиек еткен наиб мүфти былай деп түйіндеді:
Наиб мүфти тарауық намазының соңында еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ummet.kz
21.05.2018
3444
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру