Кеше «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде әжелер жамағаты алғашқы ауызашар дастарханын жайды.
110 адамға жайылған дастархан басында мешіт имамдары уағыз-насихат айтты. Ораза тұту мен ауызашар берудің сауабы, Рамазанда жақсы істерде жәрдемші болу жайында сөз қозғады.
Алла Елшісінен мағыналай жеткен хадисте мешіттегі жамағат намазына ерте келіп, ең алдыңғы саптардан орын алудың абзалдылығы айтылады. Мұндай адамның сауабы да соған сай молынан беріледі делінеді. Олай болса, жақсы істе көш бастап, көрегенділік танытқан ардақты әжелерімізге де мол сауап жазылғай!
Кемел отырыс тағы бір керемет оқиғаға куә етті. Дәл осы ауызашар дастарханынан өзге ұлт қарындасымыз дәм ауыз тиіп, сол күні ислам дінін қабылдады. Тілін кәлимаға келтіріп, куәлік етті.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
19.05.2018
5063
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру