Облыс аумағындағы ҚМДБ-ға қарасты 824 мешітте бір мезетте құптан намазынан кейін тарауих намазы оқыла бастады.
Облыстық бас мешітінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы құптан намазы кезінде барша жамағатты ҚМДБ-ның төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің Рамазан айына байланысты құттықтау сөзін оқып берді. Сондай-ақ, ораза тұту, ауыз-ашар, сәресін ішу, тарауих намазының 20 ракаттық етіп оқу, т.б. қасиеттеріне тоқталып өтті.
Биылғы жылы облыстық орталық мешітте Құран хатым етуші наиб имам Сәрсенбаев Мейірбек пен Түркия Республикасынан арнайы келген Мехмет Өзжан қариларымызды көпшілікке таныстырды.
Мұнымен қатар, Түркиядан келген арнайы ұстаз Осман Өзташ мырза күнделікті бесін мен асыр намазы кезінде бір парадан хатым ететінін атап өтті.
Айта кету керек, облыс аумағында бүгінгі таңда 158 мешітте хатым Құран оқыла бастады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
19.05.2018
3377
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру