Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚО: Өкіл имам Созақ имам-молдаларымен кездесу өткізді

Созақ ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі 19.05.2018 3268 0 пікір
ОҚО: Өкіл имам Созақ имам-молдаларымен кездесу өткізді

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы мен ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің наиб имамы Ақтамберді Мұсабек қасиетті Рамазан айы қарсаңында Созақ ауданына ат басын тіреп, Созақ ауданының  имам-молдаларымен кездесу өткізді. Бұл бас қосуда ҚМДБ-ның тапсырмаларын жеткізіп, жауапкершілікпен қарау керектілерін айтып жеткізді.  Сондай-ақ,  облыс бойынша жүріп жатқан  жаназа рәсімдері мен аста-төк, ысырапшылдық мәселелерін  талқылап, алдағы атқаратын міндеттерін айқындады. Сонымен қатар, салынып жатқан және салынатын мешіттер және олардың құжаттары, жұма, бесін-ақшам уағыздары, шапан-сәлде мәселесі, сенбілік тазалық, деструктивті ағымдар мәселесі, сауат ашу курстары, діни мерекелер, басылымдарға жазылу, мақалалар беру, беріліп жатқан тапсырмаладың дер кезінде орындалуын қадағалау  міндеттелді. Жиын соңында имамдар өзара ұсыныстарымен бөлісіп, аймақтағы діни ахуалды тұрақты сақтап қалудың тетіктерін талқылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру