Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Білім сайысы қорытындыланды (ФОТО)

"Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі 18.05.2018 3428 0 пікір
ШҚО: Білім сайысы қорытындыланды (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті студенттер арасында «Ғаламның рахым нұры Мұхаммед» атты танымдық сайыс өткізген болатын. Білім сайысы он күн бойы жүріліп, Рамазанның алғашқы ауызашарында қорытындыланды.

Марапаттау шарасында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Жастардың діни сауаттылығын арттыру, кері ағымдардан сақтандыру, Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырын насихаттау арқылы асыл дін Исламның ұлылығын паш ету мақсатында осы байқауды әдейі студент жастар арасында ұйымдастырып отырмыз. Осындай жастарымыздың білімділігі басқаларға үлгі» дей келе, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етті.

Жарыс қорытындысы бойынша Барлыбай Аян, Гайдолдина Айым, Тазабекұлы Жасқанаттар жүлделі орындарға ие болып, өкілдік атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру