Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халифа Алтай» мешітінде алғашқы Тарауих намазы оқылды (ФОТО)

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 17.05.2018 2775 0 пікір
«Халифа Алтай» мешітінде алғашқы Тарауих намазы оқылды (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауих намазы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде оқылды. Алдымен ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Өкіл имам:

«Рамаза-Құран айы. Құран-исламның негізгі діңгегі. Барлық кітаптар бір ғана кітап-Құранды түсіндіру үшін жазылған. Рамазан-рахым мен мейірімнің айы. Ұстаған оразамызға, игі амалдарымызға Алла сауаптар жазатын ай. Сондықтан ораза тұтып, Аллаға жақындап, ниет, пейілімізді түзеп, рухымызды оятудың тамаша орайы»,- деп оразаның сауабын ерекше атап өтті.

Бұдан соң өкіл имам Рамазан айында мешітте Құран хатым оқитын Түркия елінен келген қариды жамағатқа таныстырды. Өңірге келген 3 қаридың әр аудандарға бөлінгендігін атап өтті.

«Алыстан қасиетті Рамазан айында Құран хатым оқуға келген қаридың қадамын Алла сауаптан жазсын»,- деп, ізгі тілек білдірді.

Осылайша өңірдің барлық мешіттерінде қасиетті айдың алғашқы тарауих намазы ерекше ықыласпен оқылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру