Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» сектор меңгерушісі Маңғыстауға келді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 17.05.2018 3796 0 пікір
ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» сектор меңгерушісі Маңғыстауға келді

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, РАНТ (Республикалық ақпараттық-насихаттау тобы) мүшесі Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы арнайы іс-сапармен Маңғыстау облысына келді.

«Ислам және отбасы жылы» аясында арнайы келген сектор меңгерушісі Жаңаөзен қаласының әйелдер жамағатымен кездесті. «Әбіш қожа» мешітінде өткен игі шарада «Исламдағы əйел адамның орны» тақырыбында уағыз айтты. Басқосуда бүгінгі таңдағы маңызды мәселелер, отбасы құндылықтары, әйелдің ері алдындағы міндеттері, бала тәрбиесі сынды мәселелер қозғалды. Келелі кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Салиқалы сұхбат соңында қатысушылар дән риза болып, өз алғыстарын білдірді.  

Дана халқымыздың «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген ұлағатты сөзіне сүйенсек, болашақ қоғамның тәрбиесі, оның қандай болмағы аналардың балаларға қандай тәрбие береріне байланысты  болмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру