Павлодар облысы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті және Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы бірлесіп 16 мамыр күні қалалық «Естай» атындағы мәдениет сарайында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай «Ұлт ұстыны - Бұқар жырау» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияға облысымыздың зиялы азаматтары, қаладағы барлық мектептердің тарих және әдебиет пәнінің ұстаздары, студенттер қатысты.
Шараның алдында Бұқар жырау Қалқаманұлының өмір-тарихына байланысты 7-8 минуттық бейнеролик көрсетіліп, айтыскер ақын Мизам Жұмәлі арнау жыр толғады.
Келесі кезекте білім саласында және әдебиет, мәдениет, өнер саласында елеулі үлес қосып жүрген ғылым докторлары Айтмұхамбет Тұрышов және Айман Файзоллақызы, журналист Амантай Тойшыбайұлы, жазушы Ербол Мәтіұлы бастаған ғалымдар мен жазушылар Бұқар жырау бабамыздың өмірі, шығармашылығына қатысты баяндамалар оқыды.
Баяндамалар аяқталғаннан кейін конференцияға қатысушылардан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, белсенді азаматтар жарыссөзге шықты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
17.05.2018
3927
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру