Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық төрінде «Қасиетті Рамазан айына орай баспасөз брифингі өтті

БҚО өңірлік баспасөз қызметі 15.05.2018 3153 0 пікір
Ақжайық төрінде «Қасиетті Рамазан айына орай баспасөз брифингі өтті

Батыс Қазақстан облыстық  Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, «Орал» орталық  мешітінің бас имамы  Еркебұлан Қарақұлов сөз алып, күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтады.  

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы хазретіміз айтқандай, Рамазан – жақсылық айы. Оразада әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады.

Өкіл имам «Рамазан айындағы мұсылманның парызы мен міндеті туралы» тақырыбы аясында тоқталып, көпшілікке кеңінен жеткізді.

Сұрақ-жауап кезегінде Батыс қазақстан облысының бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы өңірлік радио, газет, теле арналар тілшілері және басқа да БАҚ өкілдерінің  сұрағына жауап береді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру