Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) қарасты «Халал Даму» ЖШС мен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр Астана» орталық мешітінде адал өндіріспен айналысатын кәсіпкерлерге арналған «Халал – тіршілік һәм құлшылық өзегі» атты семинар өтті.
Семинарға ҚМДБ-ның Халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі, «Халал даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар қажы Мұқанов, Халал стандарттау бөлімінің Астана қаласы бойынша өкілі, «Әл-Ғани» мешітінің Бас имамы Бағдат Абдукаримов және ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-ның бас эксперті Алмагүл Қуанышқызы қатысты.
Бейбіт Мырзагелдиев өзі басқарып отырған Халал стандарттау бөлімнің атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктерін баяндап өтті. Сонымен қатар, адал өндірістің қоғамға тигізер пайдасы жайында маңызды мағлұмат берді.
Сөз кезегін алған ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі Асқар қажы Әбітайұлы кәсіпорын өкілдеріне семинар қатысушыларына адал өнімнің адам өміріне әсері жайында тоқталып, адал өндірістің де өзіндік жауапкершілігі бар екенін еске салды.
Семинар аясында бірқатар кәсіпорындарға халал сетификаты табыс етілді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) қарасты «Халал Даму» ЖШС мен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр Астана» орталық мешітінде адал өндіріспен айналысатын кәсіпкерлерге арналған «Халал – тіршілік һәм құлшылық өзегі»
14.05.2018
3092
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру