Кеше Ақтөбеде «Қоғамдық сананы жаңғырту және дәстүрлі руxани білім мәселелері" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын. Конференцияға ҚМДБ-ға қарасты медресе директорлары мен ұстаздары да арнайы шақырылды.
Конференция делегаттары Ақтөбе мешіттерінде болып, кешкілік ақшам намазынан кейін жамағаттармен жүздесті. Атап айтқанда, «Астана» медресесінің ұстазы Абдуссамат Махат «Нұр Ғасыр» мешітінде, «Үшқоңыр» медресесінің директоры Абзал Әміров қалалық орталық мешітте және «Әбу Ханифа» медресесінің ұстазы Әлішер Тәшбаев «Нұрдәулет» мешітінде уағыз айтты. Рамазан айының қасиеті, осы айда ораза тұтудың өлшеусіз сауабы, ораза тұту кезінде кездесетін қателіктер туралы түсіндірді. Сауаптар 700 есеге дейін еселенетін рақым айында жақсы амалдар жасауға шақырды.
Білікті ұстаздардың сұхбатына шамамен 250-ге жуық жамағат қамтылды.
Естеріңізге сала кетейік, 10 мамыр күні Бас Мүфтидің тапсырмасына орай Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де "Қоғамдық сананы жаңғырту және дәстүрлі руxани білім мәселелері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын. Шара «Ақтөбе медресе колледжінің» 10 жылдық мерейтойына арналды. Келелі кеңес кезінде діни білім беру мәселесі туралы мазмұнды баяндамалар жасалды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
14.05.2018
3301
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру