Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АТЫРАУ ИМАМДАРЫ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ

Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі 14.05.2018 2919 0 пікір
АТЫРАУ ИМАМДАРЫ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы қала және аудан имамдарын орталық "Иманғали" мешітінде жинады.

Жиын барысында Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады. "Берекеге толы ай Рамазан мұсылман мен мұсылманды бауыр ететін қасиетті ай. Сондықтан, бұл айда жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін азаматтарымыз да назардан тыс қалмауы тиіс" деп атап өтті өкіл имам.
Жиын барысында отыз күн оразада намаз алды және намаздан кейін айтылатын уағыз тақырыптарын бекіту, ауызашар кестесін реттеу, жамағат арасында ауызбірлікті арттыратын өзге де шаралар ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Және ораза кестесін жамағат арасында тарату туралы да тапсырмалар берілді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру