Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазретіміздің 28.04.2018ж. №823 бұйрығымен Жакенов Қанат Қуанышбайұлы БҚО, Бөрлі аудандық мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, аталмыш мешіттің бас имамы болып тағайындалды.
Қасиетті жұма күнінде, Бөрлі ауданына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы, Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов арнайы іс-сапармен келді.
Жаңа имамды тағайындауға арнайы келген облыстың орталық мешіттің бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы алдымен жиналған жамағатқа қасиетті «Рамазан- кешірім және мүмкіндік айы» туралы уағыз айтып, жамағатты уағызға ұйытты.
Одан әрі ол жиналған жамағат алдында ауданымыздың бас имамы болып қызмет атқарған Мейрамбек Абдрахмановқа алғысын білдіріп, оның аудан халқы үшін сіңірген еңбегіне алғысын білдіріп, қазақтың дәстүрімен иығына шапан жауып, Орал қаласындағы «Тәжіден Батырұлы» мешітінің бас имамына тағайындалғанын жеткізіп:
Қанат Жакенов жұма намазын өзі оқып, мешіттің ақсақалы, намазхан Рақымжан ата ақбатасын берді.
Бас имам мешіттің ұжымымен кездесіп, жаңа имам Қанат Қуанышбайұлын таныстырып, имандылық жолына сәттілік тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан Саматұлы
11.05.2018
2969
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру