Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде облыстық семинар өтті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 11.05.2018 3487 0 пікір
Өскеменде облыстық семинар өтті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен Өскеменде «Мемлекет пен дін ынтымақтастығы-қазақстандық қоғам тұрақтылығының басты кепілі» атты облыстық семинар болып өтті.

Ауқымды жиынға ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Тасболатұлы, Семей аймағының өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай және қала, аудан имамдары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат мамандары мен ғалымдар қатысты.

Жиында сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Тасболатұлы «Радикалды діни идеологияға ұшыраған адамдарды оңалту, радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру, алдын алудағы мемлекеттік органдармен бірлескен қызметінің аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.

Ермек Тасболатұлы өз баяндамасында: «Деструктивті діни ағымдарға қарсы күресте ҚМДБ пәрменді күрес жүргізіп келеді. Бүгінде теріс діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі әр қырынан зерттеліп, мәселеге қатысты діни және құқықтық тұжырымдар әзірленді. Өңірде білікті имамдардан құралған теологтар тобы бұл салада нақты мақсатта жұмыс жасауда» дей келе, бүгінгі таңда жасалып отырған шараларға кезек-кезегімен тоқталып өтті.

Жиында ШҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Ернат Қыдырмоллаев орталықтан жасалып жатқан шараларды таныстырып, облыс бойынша білікті имамдардан құралған теологтар тобының жұмыс мақсаты туралы кеңінен таныстырды.

Семинар барысында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы жергілікті телеарнаға сұхбат беріп, деструктивті діни ағымдарға қарсы өкілдіктен жасалып отырған шаралар жайлы баяндады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру