Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде өкіл имамның төрағалығымен алқа отырысы өтті. Қала және аудан мешіттерінің бас имамдары қатысқан жиында діни басқарма жүктеген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланып, осы бағытта тиісті міндеттемелер жүктелді.
Өкіл имам Төлеби Оспан Рамазан айын насихаттау, оразаға қатысты сауал-жауап сұхбаттарын өткізуге, сондай-ақ, қайырымдылық шараларына көп көңіл бөлуге шақырды.
Биыл республика бойынша пітір садақа мөлшері 300 теңге болып белгіленгені жайлы құлағдар етті. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында иғтикаф жасауға арнайы 7 мешіт бекітілді.
Өкіл имам діни басқарма жариялаған «Ислам және отбасы жылына» орай бекітілген жоспарды әлде де жандандырып, жанұя жарасымын насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастыру, газет-журналдарға мазмұнды мақалалар беру керектігін айтты.
Алқа отырысы барысында жат ағым өкілдерімен жұмысты жандандыру жайы да сөз болды. Осы ретте өкіл имам Төлеби Оспан жуырда аяқталған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы түсіндіру жұмыстарының теріс ағыммен күресте тиімділігіне, маңыздылығына тоқталды.
Естеріңізге сала кетейік, жоба 2 сәуір мен 4 мамыр аралығында кезекті рет жүзеге асып, 5 ауданда барлығы 407 іс-шара ұйымдастырылған болатын. Кездесулерде 22200-ге жуық адам қамтылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
11.05.2018
3879
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру