Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АУЫЛ ЖАСТАРЫНА ОТАН СҮЙІСПЕНШІЛІГІ АЙТЫЛДЫ

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі 11.05.2018 3115 0 пікір
АУЫЛ ЖАСТАРЫНА ОТАН СҮЙІСПЕНШІЛІГІ АЙТЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров және Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Бауыржан Әлиұлы мұнайлы өлкенің Қызылқоға ауданындағы сапарын Сағыз ауылы жұртшылығымен кездесіп, қорытындылады.

Жергілікті «Шұғыла» мәдениет үйінде өткен кездесуде ұстаздар «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында халықпен кездесу өтті. Шарада дін мамандары ел мен жерге деген сүйіспеншілік әрдайым жоғары тұру керектігін жеткізді. «Бірде сахабалардың бірі  Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) «Расулалла! Ең абзал аман не?» деп сұрапты. Сол кезде Алла Елшісі (с.ғ.с) Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру – бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы» деп жауап берген екен. Демек, Отанды сүю – діндес бауырың мұсылманды сүю» деп атап өтті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров.

Елімізге белгілі ұстаз Бауыржан Әлиұлы ислам дінінің мәні туралы айта келіп: «Асыл дініміз адамды отандасымен, мұнан соң ислам үмбетімен, сосын тұтастай адамзатпен тату-тәтті қарым-қатынаста болуға үндейді», - деп атап өтті. Кездесу соңында ауыл тұрғындары түрлі тақырыптар бойынша сауалдарына жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру