ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлының Сыр еліндегі сапары қалалық мешіттердің жамағатымен жүздесуден бастау алды.
Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өткен кездесу барысында Сансызбай қажы «Айлардың сұлтаны - Рамазан» тақырыбында айтқан уағызында шарапаты мол айдың қадір қасиетіне тоқталып, ораза ұстаған жанның Алла алдындағы дәрежесі, оразаның шарттары мен түрлері, оразаны бұзатын жағдайлар мен бұзбайтын жағдайлар жайлы түсіндіріп, жамағаттың көкейінде жүрген оразаға қатысты және өзге де сұрақтарына тұщымды жауап берді.
Сонымен қатар, «Ауызбіршілік», «Басшыға бағыну» жөнінде насихат айтып, алауыздықтан сақ болуға шақырды. Ақшам және құптан намаздарын жамағатпен бірге оқып, берекелі ұрпақтың баянды болашағы мен ел амандығы үшін, бейбіт өмірдің тұрақтылығы үшін дұға жасады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
11.05.2018
3310
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру