ҚМДБ-ға қарасты «Зекет қоры» 9- Мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы отан соғысының ардагерлеріне «Біз ерлікті ұмытпаймыз» атты мерекелік шара өткізді. Шара аясында қор қызметкерлері қариялардың үйін аралап, мерекелерімен құттықтап, хал-жағдайын сұрасты. Алпауыт соғыста кеудесін оққа тосқан ер жүрек аталарымыздың ерлігіне бас иіп, гүл шоқтары мен қаржылай сияпат табыс етті.
Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Рахметжанов Алхам, Ковтун Петр, Толғанбаев Тәңірберген майдан даласындағы көрген қиындықтары туралы суық естеліктерімен бөлісіп, Жеңіс мерекесіне орай құрмет көрсеткен «Зекет қоры» басшылары мен қызметкерлеріне ақ батасын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
10.05.2018
3116
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру