ҚМДБ-ның облыстағы Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлының бастамасымен аймақтағы барша имамдар Сыр өңірінің ардагерлерін арнайы зиярат етті.
Ұлы Отан соғысында елі мен жері үшін, болашақ ұрпағы үшін еш қаймықпай, ерлікпен шайқасқан бүгінгінің батырлары құттықтап келген имамдарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Кешегі сұрапыл соғыста бастан кешкен, бүгінгі ұрпаққа өнеге боларлық, оқиғаларын қаз қалпында суреттеп берген қарияларымызға Өкіл имам:
Қазіргідей бейбіт заман үшін Аллаға шүкір айтып, тәуелсіздігіміз баянды болып, халқымыз аман, жұртымыз тыныш, ұрпағымыз бақытты болуын тілеп дұға етті.
Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Б.Абуов, сенатор Б.Еламанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, Қызылорда облыстық мәслихаты хатшысы Қ.Баймаханов, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен қала әкімі Н.Нәлібаевтың Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагерлердің құрметіне берген ас дастарханы басында егемен елдің ержүрек батырларына мерекелік сый-тартулар ұсынды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
10.05.2018
3055
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру