Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді (ФОТО)

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 10.05.2018 3413 0 пікір
Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді (ФОТО)

09 мамыр-Жеңіс күнінің қарсаңында өкіл имам Жолдас Қоспақұлы бастап Павлодар облысы өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіт имамдары ардагер ақсақалдарды зиярат етіп, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар жасады.

Өкіл имам  өзі бас болып атқарған бұл сауапты шара барысында асылдың сынығындай аз қалған ардагер қарияларды құттықтап,олардың отбасыларында болып ізгі дұғалары мен ілтипат-сыйлықтарын тарту етіп қайтты.

Қан майданды көзбен көріп, жау оғына кеудесін төсеген жауынгерлер аталарымыз имамдарға өмірлік өнегесі мен соғыс жылдарының суық естеліктерін бөлісті. Имамдар мен ақсақалдардың кезек-кезек берген ақ батасы да бейбіт күніміздің бұзылмауынан басталып, еліміз бен жеріміздің, дініміздің тыныштығы бүлінбеуін сұраумен аяқталып жатты.

Ардагер қариялардың отбасында болған өкіл имам Жолдас Қоспақұлы:

«Қазақ халқы қариясы бар үйдің қазынасы бар деп айтады. Бүгінгі мына мамыражай заман үшін арыстандай арпалысқан аталарына кейінгі ұрпақ  қанша сый-құрмет көрсетсе де, көптік етпейді»,-деді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру