Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Жеңіс күніне орай Семей қаласының «Қос мұнаралы» орталық мешітінде Ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Гүл шоқтары ұсынылып, естелік сыйлықтар табысталды.
Шара мақсаты Ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, алғыс білдіру. Жас шәкірттерді адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Жастарды Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
Ұлы Отан соғысы ардагерлердің бірі Семей қаласының тұрғыны 95 жастағы Оразбайұлы Атамбай ақсақалды және Галиқызы Макен әжені сауат ашу курсының шәкірттері Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Баешов Бекзат Боранбайұлымен бірге үйіне барып құттықтады. Ардагер ақсақал «100-атқыштар батальонда» батыр қызымыз Мәншүк Мәметовамен бірге шайқасқанын айтып, сұрапыл соғыста бастан кешкендерін әңгімеледі. Ұрпақтарына батасын беріп, алғысын білдірді.
Келесі кезекте 88 жастағы Ардагер Хусайнқызы Нағима әжеміздің үйінде болып қайтты. Жеңіс күнімен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Ардагер әже ақ батасын беріп, ескеріп келгендері үшін алғысын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
10.05.2018
2909
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру