Дәстүрлі діннің мектебі болған Ақтөбе медресе колледжіне биыл міне 10 жыл толды. Дүбірлі думанның ашылуы 1 мамыр күні «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке 4» атты концертімен басталды.
«Өнер қырандары» театры Бестамақ елінің мәдениет үйінде алдағы келе жатқан оразаға байланысты ой түйгізер қойылымдар қойып, келелі де келісті қалжың сөздерімен дәстүрлі дінімізді насихаттап, жұртшылықтың жүрегіне жылу ұялатты. Қойылымдарынан тәнті болған көрермендер көздеріне жас алып, концерт соңында алғыстарын жаудырды.
Мерейтойға орай 4 мамырда «Рухани жаңғыру» жолдауы аясында «Дәстүр. Дін. Руханият» атты мәдени-рухани және спорттық іс-шара өткізіп, халық бір жасап қалды.
Мерейлі мерекеге ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры Абдуғаппар Сманов сынды азаматтар арнайы келіп, қалың көпшілікке Аллаға шүкіршілік сөздерін айтып, алдағы уақытта медресеміздің өсуіне баталарын берді.
Облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы аталған шараға арнайы келіп, халықты мерейтоймен құттықтап, ыстық лебізін жеткізіп, медресе колледжге әрдайым қолдау білдіріп, қаржылай көмек жасаған жомарт азаматтарды арнайы дипломмен марапаттады.
Сондай-ақ, 4 мамыр күні спортшылар арқан тартыс, қол күрес, қазақша күрес, асық ату, тай жарыс сынды түрлі ойындардан сынға түсіп, көрермендердің көңілін көтеріп тастады.
Бестамақ ауылының орталық көшесіне әрқайсысы 500-200 орындық алты киіз үй тігіліп, келген қонақтарға мерекелік ас ұсынылды.
Медресе колледжіміздің 10 жылдық мерейтойы 10-мамыр күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өтетін «Қоғамның санасын жаңғырту және дәстүрлі рухани білім мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен жалғаспақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
10.05.2018
4005
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру