Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тілегі бір тоқсан қария

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 10.05.2018 3943 0 пікір
Тілегі бір тоқсан қария

Жеңіс күнінің қарсаңында өкіл имам Төлеби Оспан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ілтипат көрсетті.

90 адамға жайылған дастарханның қадірлі мейманы ретінде соғыс ардагерлерінен бөлек тылда еңбек еткендер мен қаладағы қарттар және мүгедектер интернат үйінің қариялары шақырылды. Өкіл имам Төлеби Дәділұлы қариясы бар үйдің қазыналы екендігін тілге тиек етіп, кейінгі ұрпақ қартына қанша сый-құрмет көрсетсе де, көптік етпейтіндігін сөз етті. Қан майданды көзбен көріп, жау оғына кеудесін төсеген жауынгерлер аталарымыздың алды бүгінде ғасырлық ғұмыр жасады. Өмірлік өнегесі мен соғыс жылдарының суық естеліктерімен бөліскен олар бүгінгі бағасыз нығметтердің бірі – бейбітшіліктің қадірін білмек керек деді.

Дәм басында көптеген ұлағатты әңгімелер айтылды. Соғыста ерлікпен қаза тапқан және қатысқан барлық ардагерлердің рухына Құран бағышталып,  сауабы тисін деп дұға етілді. Мешіттің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының атынан кеш меймандарына естелік сыйлықтар үлестіріліп, баршасы үлкен ризашылықтарын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру