Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Астана қаласындағы "Шейх Кунта қажы" мешітіне бас имамдыққа Ережепов Сәбит Әзімбекұлы тағайындалды. Аталмыш тағайындау "Шейх Кунта қажы" мешітінің бұрынғы бас имамы Яхья қажы Исмайылдың басқа діни қызметке ауысуына байланысты орын алып отыр.
Бүгін, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы Асқар Әбітайұлы қатарлы діни тұлғалар "Шейх Кунта қажы" мешітіне арнайы барып жұма намазына қатысты.
Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфтидің тағайындауын жеткізіп, Ережепов Сәбит имамды жамағатқа таныстырды. Сонымен бірге, С.Әзімбекұлына сәттілік тіледі.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
10.05.2018
3973
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру