Талдықорған қаласы орталық "Иман" мешітінде "Бір Аллаға сиынып, кел, Құранды оқылық" атты Құран Кәрімнің мағына және түсінігі бойынша жарыс болып өтті. Құран айы болып саналатын қасиетті Рамазан айының қарсаңында облыс деңгейінде өткізілген бұл жарысқа ер-әйел және жас ерекшелігіне қарамастан 500-ге жуық кісі қатысты.
Сынаққа түскен үміткерлер Құранның 114 сүресінің санына сай келетін 114 сұраққа жауап беруге тырысты. Барлық үміткерлерге сұрақ кітапшалары мен қаламдар таратылып, жарыс сағат дәл 10.30-да басталды. 2 сағатқа созылған жарыс нәтижесінде әділ қазылар шешімімен жүлделі орындар белгілі болды. Бас жүлде Рамазан айының умра қажылығы.
Жүлделі орынға ие болмаған жандарға ынталандыру сыйлықтары (кір жуғыш, бу тартқыш, шаңсорғыш, еттартқыш, шырынсыққыш, желдеткіш) табыс етілді.
"Бір Аллаға сиынып, кел, Құранды оқылық" атты Құран Кәрімнің мағына және түсінігі жарысы нәтижесі бойынша 3-орынды 83 ұпаймен "Иман" мешітінің жамағаты Тоқтасынов Нұрлан иеленіп сыйлыққа газплита табысталды. 2-орынды 84 ұпай жинаған "Нұр" мешітінің жамағаты Арынғазы Жәмиғатқа тоңазытқыш сыйға тартылды. 1-орынды "Нұр" мешітінің жамағаты Каипов Мұхамеджан 90 ұпаймен иеленіп арнайы диплом мен теледидар тарту етілді.
Бас жүлдегі тігілген Рамазан умра қажылығын Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев 103 ұпай жинаған Текелі қалалық мешітінің жамағаты Саркубеков Талғатқа табыс етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
10.05.2018
3740
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру