Ұлы жеңістің 73 жылдық мерекесінде арамызда болған ардагерлердің бірқатары өмірден озды, кейбірі «келместің кемесін күтіп, жағада тұр» ал енді бірі төсекке таңылып, өздігінен жүріп-тұра алмайды. Оларды көрген сайын көз алдымызға сонау сұрапыл соғыс жылдарындағы қолына қару алып, қасық қаны қалғанша Отан қорғаған ержүрек жауынгерлер, Отан үшін отқа түскен батырлар елестейді. Қарттарға құрмет көрсету, ардагерлерді аялау — баршамыздың басты міндетіміз.
Пайғамбарымыздың хадисінде: «Қариясы бар үйдің қазынасы бар», – деген. Соғыстың куәгері, көненің көзі, тарихтың сыры болған Ұлы Отан соғысының ардагері, қасиетті Орда жерінің тумасы, 92 жастағы Махмұтов Уәли Махмұтұлы атамыз қазіргі күнде Зашаған ауданы, Кеңдала ықшамауданында немере-шөбересімен бірге бақытты өмір кешуде.
Осы жеңіс күнінің мерекесіне орай, жуырда ғана қалалық мешітке тағайындалған ҚМДБ-ның филиалы Тәжиден Батырұлы мешіті Бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлы Абдрахманов өз ұжымымен бірге қазыналы қартқа сәлем бере барып, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан батыр атамызды мерекесімен құттықтады. Осы кездесуде, имам соғыстың сұрапыл тарихын жаужүрек атамыздың өз аузынан естіп, қартқа құрмет көрсетіп, мешіт тарапынан қаржылай көмек жасап, сыйлықтар ұсынып, ақсақалдың ақ батасын алды. Сонымен қатар, атамызбен бірге 9 ұрпақ сүйген, асыл әжемізге гүл шоқтарын сыйлап, алғысына кенелді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Тәжиден Батырұлы мешітінің» баспасөз қызметі
09.05.2018
4083
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру