Рухымызға азық, нәпсімізге тыю болатын сауабы мол Рамазан айын әрбір мұсылман асыға күтері сөзсіз. Осыған байланысты 6 мамыр күні Жалпақтал ауылдық мәдениет үйінде Жалпақтал ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен «Қош келдің,қасиетті Рамазан!» атты рухани-мәдени, патриоттық кеші болып өтті.
Рухани шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ғабдолқызы, ауыл әкімінің орынбасары Меңдіхан Мұқасұлы, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ғилым Едекешов, мешіт жамағаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Рухани кештің мақсаты – қасиетті Рамазан айының жақындауына орай, халыққа ораза жайлы толық мағлұмат беру. Кешке арнайы келген Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы айлардың сұлтаны Рамазанмен құттықтап, Дінбасымыз Серікбай Сатыбалдыұлы хазретіміздің ыстық сәлемін айтып, өз сөзінде бұл айдың ерекшелігі мен қадір қасиетін ашып жеткізді. Рамазан – адалдық пен ықылас айы. Өйткені, шын жүрегінен иман келтірген адам оразасын Жаратушысына арнайтынын айтып өтті.
Рухани шара соңында облыс имамы Еркебұлан Ыбырайымұлын ауыл әкімінің орынбасары Меңдіхан Мұқасұлы қабылдап, ауылдың ахуалын баяндады. Ал, ауылдық мешіттің бас имамы Тілепберген Ахметжанұлы облыс имамына Рамазан айына дайындығын, діни жағдайды баяндады. Еркебұлан Ыбырайымұлы ауылдық мешітінің жамағатымен жүздесіп, «Бірлік пен ынтымақ» жайында уағыз айтса, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде білімді жастарымен кездесіп, толғандырған сауалдарына жауап берді.
Кездесу соңында облыс имамы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан Саматұлы
08.05.2018
3713
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру