Кеше бір айға жалғасқан «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жұмысын аяқтады.
Ақпараттық топ соңғы аптада Шалқар ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 4700-ге жуық тұрғынды қамтыған 80 іс-шара ұйымдастырылды.
Жоба аясында ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Хамзат Әділбеков пен жергілікті теологтар Қайрат Дәрменов, Алмат Әли қала, ауыл мешіттерінде мониторинг жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Хамзат Әділбеков Шалқар қаласы мешіттерінде 4 мәрте уағыз-насихат жүргізді.
Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі мен теміржол саласы қызметкерлеріннің қатысуымен 2 рет семинар-тренинг ұйымдастырылды. Онда 60-қа жуық адам қамтылды. Семинар барысында теологтар Хамзат Әділбеков пен Қайрат Дәрменов діни тұрақтылықты сақтау, исламдағы өзге дін өкілдерімен қарым-қатынас жасау мәдениеті, сондай-ақ, Ханафи мазһабының ерекшеліктері туралы мағлұмат берді. Мәзһаб ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Шалқар қалалық №1 орта мектебінде облыстық білім басқармасының мамандары оқушылармен кездесіп, «Зайырлы қоғамның құндылықтары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Теолог Алмат Әли Байқадам, Бегімбет, Бозой ауылдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауыл мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысып, кешкілік уақытта жамағаттарға уағыз-насихат айтты. Мектептерде оқушылармен, тұрғындармен жалпы және жат ағым өкілдерімен жеке кездесулер өткізілді.
Теолог Алмат Әли қалалық «Жанаман аxун» мешітінің жамағатымен 2 рет кездесіп, сахабалар өмірінен сыр шертті. өткізілді.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқарамасының ұйымдастыруымен Бозой, Айшуақ, Байқадам ауылдары жастарының арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.
Жалпы жоба аясында 5 ауданда ақпараттық иммунитетті қалыптастыру мақсатында 407 іс-шара өткізілді. Аталған кездесулерге 22200-ге жуық адам қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
08.05.2018
2780
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру