Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

 Салт-дәстүр және діни рәсімдер талқыланды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.05.2018 3000 0 пікір
 Салт-дәстүр және діни рәсімдер талқыланды

Амангелді аудандық мәдениет үйінде «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты басқосу болып өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Т.Карбозов ашып, жүргізіп отырды. Бұл мәжілістің мақсаты  – жаназа және діни рәсімдерді бірізділікке түсіруді насихаттау, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу.

Жиынға ауылдық округтердің әкімдері, имамдар, ардагерлер ұйымының төрағалары, мешіт жамағаты, зиялы қауым өкілдері қатысты. Аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Жандарбек Амирхамзин басқосу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабын басшылыққа ала отырып, тиісті шешім қабылданғандығын жиналған көпшілікке таныстырды.

Ал Арқалық қалалық «Мухтасиб әл-Мұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы «Ысырапшылдық – Исламға жат нәрсе» тақырыбында әңгімеледі. Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Есім Дауылбай сөз сөйлеп, жас жеткіншектерге дінмен қатар тәрбиелік мәні бар ұлттық ғұрыптарды да насихаттап, түсіндіріп отыру қажеттігін айтты. 

Бұл басқосудың соңында мәжіліске келген барша ақсақалдар мен қонақтар  күн тәртібіндегі мәселені бір ауыздан қолдайтынын және оның өте маңыздылығына тоқталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру