Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров және республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Бауыржан Әлиұлы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылына жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында мәртебелі меймандар Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженовпен кездесіп, өлкедегі діни ахуал мәселесін талқылады. Кездесу соңында Қызылқоға ауданы әкімі Арман Баженовке қасиетті Құран кітабы сыйға тартылды.
Одан әрі өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы мен ұстаз Бауыржан Әлиұлы жергілікті «Бәйтерек» мешітінің жамағатымен жүздесті. Кейін еркін форматтағы кездесу Қызылқоға аудандық «Арман» мәдениет үйінде өтті. Жастармен арадағы кездесуде дін өкілдері ислам дініндегі білім мен ғылымның ролі, Отанға қызмет ету тақырыптары туралы айтты.
«Ислам – өркениеттің, ғылымның, білімнің діні. Мұсылманың кемелдігі құлшылық, сонымен бірге, білім, білік, парасаттылық, бәсекеге қабілеттілік сынды өлшемдерге де байланысты» деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров кездесу кезінде.
Сапар қорытындысында өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы жергілікті мешіттерге бірқатар тапсырмалар берді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
07.05.2018
3223
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру