Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына дайындық шарасы талқыланды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 07.05.2018 2879 0 пікір
Рамазан айына дайындық шарасы талқыланды

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының ұйымдастыруымен қала, аудан имамдарының кезекті бас қосу жиыны Семей қалалық Шәкәрім қажы мешітінде өтті.

Жиын барысында қозғалған тақырып Рамазанға байланысты Бас мүфтидің халыққа Үндеуі, қажылық, уағыз-насихат жұмыстары, пітір садақа мөлшері, мешіттерге ат қою секілді мәселелер талқыланып өтті. Сондай-ақ, жиында әріптестеріне Рамазан айы кезінде оның қадір-қасиеттері мен тәрбиелік маңызын бұқаралық ақпарат және көрнекі үгіт құралдары арқылы насихаттау, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша мешіттерде ауызашарлар беруді ұйымдастыру, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау қажеттігіне тоқталды. 

Имамдардың жыл басынан бері, яғни 4 айда өңір бойынша атқарылған іс-шаралар есебін баяндады. Өкіл имам Бас мүфтидің биылғы берген тапсырмасына орай Рамазан айын жоғары деңгейде атап өту қажеттігін баса айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру