Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бауыржан Әлиұлы Атырау облысының Қызылқоға ауданын аралады

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі 06.05.2018 3104 0 пікір
Бауыржан Әлиұлы Атырау облысының Қызылқоға ауданын аралады

Атырау облысына арнайы Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Бауыржан Әлиұлы жұмыс сапарымен келген болатын.

Сапар аясында орталық «Иманғали» мешіті жамағатымен, жастармен бірқатар кездесу өткізген ұстаз аптаның сенбісі күні Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз селосына барды. Жергілікті «Абдолла хазірет» мешітінің жұмыс барысымен танысқан ұстаз жамағатпен кездесу өткізді. Жергілікті жамағатпен арада өрбіген еркін форматтағы сұхбатта «ауызбірлік, ынтымақты тірлік» мәселесін сөз еткен ұстаз Бауыржан Әлиұлы дәстүрлі исламды дамытудың маңызы, оқу, білім, ағарту тақырыптарына байланысты ойларымен бөлісті.

Айта кетелік, Республикалық ақпараттық насихат тобының белді мүшесі Бауыржан Әлиұлы дәстүрлі ислам дінін насихаттауда, халық ағарту ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған діни маман.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру