Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бауыржан Әлиұлы «Иман жастарымен» кездесті

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі 06.05.2018 3173 0 пікір
Бауыржан Әлиұлы «Иман жастарымен» кездесті

Атырау өңіріне сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық бөлімінің діни кеңесшісі, Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Бауыржан Әлиұлы орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілер тобымен кездесті.

Кездесу кезінде мәртебелі мейман отбасын құру, шаңырақты сақтаудағы ер мен әйелдің жауапкершілігі туралы кеңінен ой қозғады. Уағыз барысында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өмірі туралы көптеген мысалдар келтірген ұстаз Бауыржан Әлиұлы шаңырақ құрып, ұрпақ өсіру Алла Елшісінің сүннеті екендігіне ерекше тоқталды.

Қазақта «отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бар. Отан отбасынан басталады десек, жанұядағы тәрбие қоғамның дамуына тікелей әсер етеді» деп атап өтті ұстаз. Еркін форматта өткен сұхбат барысында жастар түрлі сауалдарына жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру